Біліктілікті арттыру курсы

Бүгін «TALAP» КЕАҚ ұйымдастыруымен өтіп жатқан біліктілік арттыру курсының 4-інші күні. Тақырып: «Оқу нәтижелерін бағалау. Бағалау құралдары қорын әзірлеу». Курс тренері Нургожанова Арай Серыкжановна тақырыптың мәні мен маңызын жан-жақты түсіндіріп, топтық жұмыстар арқылы білімімізді тәжірибеде бекітуге мүмкіндік берді. Құзыреттілікке негізделген бағалау, дескриптор құрастыру, БҚҚ әзірлеу жолдары талқыланды. Күн соңында смайлик арқылы рефлексия жасап, әріптестер өз…