Республикалық студенттер слёті
Щучье көлінің көркем оңтүстік-батыс жағалауындағы «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында Жұмысшы мамандықтары жылы аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттеріне арналған Республикалық слёті басталды. Еліміздің түкпір-түкпірінен таңдап алынған ең үздік 100 студент осы слетте бас қосып, жаңа идеяларға жол ашуда! Абай облысынан іріктелген ең үздік үштік те – шын мықтылардың қатарында. Олар: • Геодезия, картография…