«ЗАВЕЩАНИЕ» КОТОРОЕ ОСТАВИЛ БУДУЩЕМУ ПОКОЛЕНИЮ АБАЙ КУНАНБАЙУЛЫ
1. Иман сақтауға – қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босамас буын керек.
⠀
2. Құдайшылық- жүректе. Қалпыңды таза сақта.
⠀
3. Құдайдан- қорық, пендеден – ұял: балаң бала болсын десең оқыт, мал аяма!
⠀
4. Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыт болады.
⠀
5. Көрсеқызарлықпен, жеңілтектікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады.
⠀
6. Ауруды жаратқан құдай, бірақ ауыртқан құдай емес.
⠀
7. Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң – Алланың сүйген құлының бірі боласың.
⠀
8. Жылуы жоқ бойының, жылмиғаны неткені?..
⠀
9. Бұрынғы ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен: ел басы, топ басыларына тоқтай білетіндігі мен намысқойлығы.
⠀
10. Егер менің ішімді жарып өрсең, жылауыңды тоқтатып, шошыр едің.
⠀
11. Қайғысыздың бәрі асау.
⠀
12. Өлейін деп өлмейді өлерік жан.
⠀
13. Распенен таласпа.
⠀
14 Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,
Қызық келсе қызықпа, оңғаққа ерме.
Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
Сонан тапқан шын асыл, тастай көрме.
⠀
15. Бір жерде бірге жүрсең басын қосып,
Біріңнің бірің сөйле сөзін тосып.
⠀
16. Көп шуылдақ не табар, билемесе бір кемел.
⠀
17. Сұлуды сүймектік – пайғамбар сүннеті.
⠀
18. Бір қайғыны ойласаң, жүз қайғыны қозғайды.
⠀
19. Жүректен қызық кеткенде, тәннен қуат кетеді.
⠀
20. Мұңдасқан көңілде кір қалмайды.
⠀
21. Өзі жат елде қайыршылық қылып жүріп, елін бай деп мақтайтындар – құдай қарғағандар.
⠀
22. Малыңды жауға, басыңды дауға салып қор қылма.
⠀
23. Жүректі қозғайтын – жастықтың оты.
#деньабая #175летиеабая