2018 жылдың 1 ақпан күні «Құрылыс колледжі» КМҚК түлектеріне арналған психологиялық тренинг өткізілді. Тренингке 41 ПГС, 42 ПГС, 41 ПИК топтары арасынан барлығы 16 студент қатысты. Жоспар бойынша «өзіңді жақынырақ тани біл», «күн шуағы» жаттығулары, «Ыстық картоп» ойыны, «Өзіңді тереңірек тани біл», «Оның есесіне мен…» сергіту сәттері өткізілді. Соңында «Тілек шамы» жаттығуы арқылы әр студент бір-біріне алғыстарын айтып, сәттілік тілеп, шын жүректен ақ тілектерін білдірді. Студенттердің көңіл-күйлері көтеріліп, бітіруге аз қалғандарын айтып, қимастық сезімдері мен бөлісті.