Семей КМҚК « Құрылыс колледжінде» менингокок ауруына және кене энцефалитіне қарсы медбикеміз Байтанауова Гүлжанат Сағатбековна топтар арасында баяндама жүргізіп, аурудың алдын- алу туралы ақпарат берді.
Менингококты инфекция – ауа-тамшылы механизммен тарайтын, назофарингит және генарализденген түрлерінде өтетін клиникасында қызбамен, интосикациямен, экзантемамен және ми қабаттарының зақымдалуымен сипатталатын антропонозды бактерияды жедел инфекциялық ауру.
Инфекцияның берілу жолы: ауалы-тамшылы, яғни жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде жұғады.
Аурудың белгілері : бастың қатты ауруы, шөлдеу, құсу, температура, бозару, тәбеттің төмендеуі, бөртпе, әлсіздік, арқа және аяқ-қолдың ауруы.
Аурудың алдын алу. Алғашқы белгілері пайда болғанда дәрігерге көріну және оның барлық нұсқауларын орындау. Бассейн, оның алаңдарын шектеу және тазалық сақтау, жиі желдетіп, күн сайын ылғалды тазарту. Қайнаған немесе бутылкадағы суды ішу. Ауруды емдегеннен алдын алған жеңіл екендігін әрқашан есте сақтау керек. Адамдар көп шоғырланған жерлерде, қоғамдық орындарда медициналық маска кию.
Кене энцефалиті (encephalіtіs acarіnarum) – кене арқылы тарайтын, ми қабынуын және орталық жүйке қабынуын тудырып, орталық жүйке жүйесін қатты зақымдайтын, жедел өтетін жұқпалы ауру. Ауырғаннан кейін орталық жүйке-жүйесінде келесі органикалық өзгерістер байқалады:
- әлсіз салдану
- бұлшық ет атрофиясы
- дискинезия
- интелектің төмендеуі
- кейде эпилепсия
Кене энцефалитімен ауырған кезде науқастардың шағымдары: жоғары дене қызуының 38-40° дейін 4-6 күн бойы көтерілуімен, бас ауруы, бас айналуы, 1-2 тәулік бойы құсу, ұйқының бұзылуы, мойын, иық, аяқ-қол, сирек бел аймағының бұлшық еттерінің ауырсынуы, жалпы әлсіздік пен шаршап қалу, жүйке жүйесінің зақымдалуы кезінде бұлшық еттің тартылуы. Үй жағдайда кене энцефалитінен емделуге болмайды, оның арты асқынуларға және созылмалы түрге айналуға, мүгедек болып қалуға әкеледі.