Іргетасының қаланғанына жетпіс сегіз жыл толғалы отырған Семейдегі Абай қорық-мұражайы Қазақстандағы ірі мәдени орталықтардың бірі. Бүгінгі таңда елімізде мұражай – ғылымның, білімінің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми-танымдық бағытта қызмет атқаратын өз алдына дербес мекеме. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Біздің міндетіміз бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбиелеу», — деген пікірі жастарға Абайша білім алу, Абайша ойлау дегенді ұқтырады. Өйткені Абай шығармалары ұлттық өнерді дамытудың жаңа бағыты ретінде қызмет атқарып келеді. Абай жырлағандай:
Әсемпаз болма әр неге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де — бір кірпіш, дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан! – деп, ел болашағы жас ұрпаққа бағыт-бағдар беріп, өмірдегі орнын табуға дәнекер болған. Аталған мұражайға «Құрылыс колледжі» КМҚК білім алып жатқан 21ПГС, 22ПГС, С-11 топ студенттері топ жетекшілерімен бірге, 21-қыркүйек күні саяхат жасап, Абай өнегесіне, Абай тәліміне, Абай ұсынған дидактикалық пайымдаулар мен адамдық жолын көрегендікпен нұсқаған даналық ойларына тағы бір мəрте куə болып, көкейлеріне терең ой түйіп қайтты.