Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінің 14 ТГ топ студенттері мен жетекшісі А.Б. Байгулакова ұлттық рухты тәрбиелеу, тарихи мәдени мұраларды насихаттау, Абай Құнанбайұлының мұрасымен танысу мақсатында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығына экскурсия ұйымдастырды. Экскурсия барысында музей қызметкерлері Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы маңызды ақпараттар берді.