Жұмысшы мамандықтар жылы аясында бүгін біздің колледжге Семей қаласы №19 орта мектебінің болашақ талапкерлері қонаққа келді!
Балалар біздің шеберханалардағы сабақтардың өту барысын өз көздерімен көріп, тамашалады. Колледж шеберлері және оқытушыларымен танысты. Сұранысқа ие құрылыс мамандықтары, мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.
Олардың мамандықтарға деген оң көзқарастары мен қызығушылықтары қойылған сұрақтарынан-ақ көрініп тұрды. Ұйымдастырылған экскурсияның оқушыларға болашақ мамандықтарын таңдауға көмектесіп, жаңа жетістіктерге шабыттандырды деген үміттеміз.
Болашағыңыздың жарқын болғанын қаласаңыз, біздің коллледж есігі сізге әрдайым ашық!