2025 жылы сәуір айының 10-ны күні «Геодезия, картография және кұрылыс жоғары колледжі» КМҚК мамандары Бородулиха ауданы мектептерінің, 9-11 сынып окушыларына кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді.
Жұмыс барысында Бородулиха ауданы білім бөлімінің, «Камышенка орта мектебі» КММ, «Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ, «Ә. Бөкейхан атындағы қазақ орта мектебі» КММ, «Н. Островский атындағы орта мектебі» КММ, «Абай атындағы негізгі орта мектебі» КММ оқушыларына колледжімізде окытылатын мамандықтар туралы толық ақпарат беріліп, колледжге оқытудағы кабылдау ережесі туралы тусіндірілді.