2025 жылы сәуір айының 11-і күні «Геодезия, картография және кұрылыс жоғары колледжі» КМҚК оқытушылары Бородулиха ауданы, Новопокровка және Белағаш ауыл мектептеріне 9-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді.
Жұмыс барысында Бородулиха ауданы білім бөлімінің, «Новопокровка орта мектебі» КММ, «Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі» КММ, «Белағаш орта мектебі» КММ оқушыларына колледжімізде оқытылатын мамандықтар туралы толық акпарат беріліп, колледжіміздің қабылдау ережесі түсіндірілді.