Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінің оқытушылары Д. Болатқызы, А.Е. Серикказина, Д.Б. Кызыров 2025 жылы 11-ші сәуірде Абай ауданы білім бөлімінің «Жалпы білім беретін Қарауыл гимназиясы» КММ, «М. Əуезов атындағы орта мектебі» КММ, «Жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, «Абай мектеп гимназиясы» КММ 9-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді.
Кездесу барысында оқушылар құрылыс, геодезия және картография мамандықтары бойынша сұрақтарына мағлұмат алды. Колледжге оқуға қабылдану ережелерімен танысты.