Мәскеу геодезия және картография колледжі ұйымдастырған «Геовертикаль» көп сатылы халықаралық кәсіби чемпионаты аяқталды. Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінің студенттері жоғары дайындық деңгейін, кәсіби дағдыларын және командада жұмыс істеу қабілетін көрсете отырып, өздерін білікті, ынталы және бастамашыл қатысушылар ретінде танытты. Олар тек теориялық білімді ғана емес, сонымен қатар тамаша практикалық дайындықты, сондай-ақ таңдалған мамандықта дамуға деген ұмтылысты көрсете отырып, чемпионат тапсырмаларын сенімді түрде орындады.
Чемпионат қорытындысы бойынша:
• 304 ТК тобының студенті Қ. Сләмбек II орын алды;
• И. Байдумашен (201 ТК тобы) және Е. Байдусенов (202 ТГ тобы) үшінші жүлделі орынға ие болып, жүлдегерлер атанды.
Студенттерімізді және олардың тәлімгерлерін – И.Т. Төлеубек, Е.П. Чайко, Д.К. Сагимбаеваны лайықты нәтижемен және халықаралық аренада табысты өнер көрсетуімен құттықтаймыз!