2025 жылдың наурыз айында оқу үдерісіне қатысушыларды біріктіретін колледждің бірегей стилін қалыптастыру мақсатында Колледж туының үздік үлгісін жасауға арналған байқау өткізілді.
Сараптамалық комиссияның төрағасы К.М. Тулеуовтың шешімі бойынша 103 ТГ тобының студенті Төлеубеков Ақтілек Гран-при жүлдесіне ие болды. I орын 108 ТК тобының студенттері Кенджеқали Расул мен Таурбеков Азаматқа бұйырды. II орын 12 ТГ тобының студенті Кенжеғалиев Аңсар Русланұлына берілді. III орынды 16 ТА тобының студенттері Төлеутай Олжас пен Нұрғалиев Бекзат жеңіп алды.
Байқау барысында ұсынылған барлық ту үлгілері жоғары көркемдік деңгейімен және мазмұн тереңдігімен ерекшеленді. Бұл байқау оқу орнының рухани мәдениетін қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болды. Жеңімпаз ту үлгісі колледждің ресми рәмізі ретінде қабылданып, алғаш рет Геологиялық барлау колледжінде өткен Республикалық форумда желбіреді. Бұл сәт студенттер мен оқытушылар үшін үлкен мақтаныш пен рухтану сезімін сыйлады.