2025 жылы қаңтар айының 30-ы күні «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК 103 ТГ топ студенттері топ жетекшісі Ж.Ж. Тұрғазымен бірге Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығына барды. Экскурсияның мақсаты студенттерді Абай мұрасымен, ақынның өмірбаянымен және шығармашылық жолымен таныстыру болды.