Техник-геодезист біліктілігі бойынша 302-307 ТГ тобының студенттері 30.12.2024 жылдан бастап инженерлік-геодезиялық жұмыстар бойынша камералдық есептеу практикасынан өтіп жатыр.
Камералдық есептеу практикасы-бұл инженерлік-геодезиялық жұмыстарды дайындаудағы маңызды кезең. Бұл жобаланған нысандардың жоғары дәлдігі мен сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сонымен қатар құрылыс жобалары мен басқа да инженерлік шешімдерді сәтті жүзеге асыру үшін өте маңызды болып табылады.