21.10.2022 ж. Құрылыс колледжіне жұмыс бабымен Абай облысы әкімінің орынбасары Байбеков Шалқар Заманбекұлы және Абай облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Нускенова Асем Хасенқызы келді.
Кездесу барысында колледж әкімшілігі колледждің материалдық-техникалық базасымен, колледждің және жатақхананың, студенттердің тыныс-тіршілігімен таныстырды. «Жас маман» құзыреттілік орталығымен және колледж шеберханасында жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысып, ұсыныстарын білдірді. Кездесу соңы колледжге шығармашылық табыстар тілеумен аяқталды.