2022 жылдың 21 қазанында КМҚК «Құрылыс колледжі» «Жас Маман» жобасын жүзеге асыру бойынша конференцияға қатысты. Колледж директоры К.К. Тастекеев баяндама жасады. Ол өз сөзінде колледжде «Жас Маман» жобасын жүзеге асыру нәтижелерін бақылау аясында жоспарға сай жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Колледжде құзыреттілік орталығы бар. Тиісті құрал-жабдықтармен толық жабдықталған. Кең бейінді мамандарды даярлауға қажетті қаражат қарастырылған.

Сонымен қатар «Worldskills» халықаралық чемпионатына дайындық және сабақтарға арналған оқу-жаттығу жиыны бар. Біз мамандардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастырамыз.

Жұмыссыз тұрғындарға құрылыс бейіні бойынша барлық мамандықтардан жұмыссыз халыққа жағдай жасалып, сабақтар өткізілуде.

Құрылыс мамандықтары бойынша білім алғысы келетіндерді біздің КМҚК «Құрылыс колледжіне» шақырамыз.