2023 жылы мамыр айының 18-і күні «Құрылыс колледжі» КМҚК оқушыларға кәсіптік бағдар беру мақсатында «Ашық есік күні» іс-шарасы өтті. Іс-шараға Семей қаласының №4, №16, №19, №27, №44, №49 жалпы орта білім беретін мектептерінің 9 сынып оқушылары қатысты. Колледж шеберханалары, оқу кабинеттерімен таныстыру мақсатында экскурсия жасалып, мамандықтар бойынша ақпарат берілді. Акт залда концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, командалық ойындар ойнатылды. Ең үздік топтарға жүлделі орындар табысталып, кәсіптік бағдар беру мамандарына алғыс хаттар ұсынылды.