10 желтоқсан 2024 жылы тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер оқытушысы Батырханова Д.П. «Қазақстан мәдениеті қазіргі кезеңде» тақырыбында 12 – Техник-геодезист (1 курс) тобына ашық колледждік оқу сабағын өткізді. Оқыту мақсаты: Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы жаңа бағыттар мен жанрларды сипаттау. Сабақтағы бағалау критерийлері (Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы жаңа бағыттар мен жанрлардың ерекшеліктерін айқындайды, Қазақстан мәдениетінің халықаралық деңгейде мәдени интеграция процесін түсіндіреді) SMART форматы бойынша негізделген- күтілетін нәтижелерге сәйкес болды. Осы нәтижеге жету үшін оқытушы интерактивті білім беру платформаларын – wordwall.net, learningapps тиімді пайдаланды, белсенді оқыту әдістері: «Бирка», «Активатор», «Ескертпелермен оқу» қолданылды. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының мақсатына сәйкес – оқушының Қазақстан мәдениеті мен құндылықтарын бағалау, рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, азаматтық жауапкершілік және патриотизм, адалдық пен әділдікті дамыту арқылы шығармашылық тапсырмалар берілді. Оқушылардың белсенділігі, рефлексиясы, өз білімдерін объективті бағалауы ашық оқу сабағының жоғары әдістемелік деңгейде өткенін көрсетті.