2024 жылы желтоқсан айының 9-ы күні «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК тәрбиешілері Н.С. Мейримова және А.С. Шыныбаева колледж психологы А. Алтайқызымен бірлесе отырып республикалық «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында №2 жатақхана студенттеріне «Зорлық-зомбылықсыз әлем» тақырыбында әңгімелесу жүргізді.