2017 жылы желтоқсанның 29 жұлдызында «Құрылыс колледжі» КМҚК кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен балаларға арналған жаңа жылдық шырша мерекесі болып өтті. Колледж кəсіподақ ұйымы бүлдіршіндерге арналған шырша тойын жылда өткізуді дәстүрге айналдырған. Биыл да театрландырылған, жаңа жылдық шыршаға 50-ден аса оқу орын қызметкерлерінің балалары қатысты. Олардың құрметіне ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен театрландырылған мерекелік бағдарлама қойылып, ән мен би ойындары ұйымдастырылды. Театрландырылған қойылым балалардың көңілін көкке шалқытты. Кішкентай қонақтар Аяз ата, Ақшақармен бірге шыршаны айнала ән айтып, би билеп, қызықты ойындар ойнады. Ойындарға белсенді қатысып, Аяз-ата мен Ақшақарға тақпақ, өлеңдерін айтқан балалар ерекше сыйлықтарға ие болды. Сәні мен салтанаты жарасқан жаңажылдық шырша балаларға мерекелік көңіл-күй мен ұлан-асыр қуаныш сыйлады.