«Картография» апталығы аясында колледждің «Геодезия және картография» мамандығы бойынша бітірген түлектері күнделікті өздерінің жылы құттықтауларын жіберіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Бұл ерекше шара біздің түлектерімізбен қайта байланыс орнатып, олардың табысты мансап жолдарын жастарға үлгі етуге мүмкіндік берді. Түлектеріміздің жіберген бейнемазмұнды құттықтаулары студенттерге ынталандыру мен қолдау көрсетті, әрі бұл колледжіміздің білім беру процесінде жинаған тәжірибенің әрі қарай дамып жатқанын дәлелдейді. Әрбір видео құттықтау біздің білім мен тәжірибе арасындағы алтын көпір екенін көрсетеді. Осы апталық арқылы біз студенттерімізге оқу орындары мен кәсіби әлем арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік бердік деп ойлаймыз. «Картография» ПЦК апталығы өту барысында құттықтау жолдап, қолдау көрсеткен түлектерімізге алғысымыз шексіз!