2024 жылы наурыз айының 5-сі күні «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК-да жасөспірім жастардың қылмысы және оған қолданылатын жаза түрлері, кінәні жеңілдететін және жауапкершілікті ауырлататын жағдайлар туралы толық түсінік беру, құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Абай облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Самаева Татьяна Анатольевна мен Әуезов полиция бөлімі лейтенанты Баймурин Адил Ермекұлының құқықбұзушылыққа байланысты түсіндірмелік жұмыстарынан басталды. Топ жетекшілері мен шеберлері тарапынан қойылған сұрақтарға толық мардымды жауаптар алынды. Іс-шара барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Хуанар А., құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің жетекшісі Балтабеков Н.Б., әлеуметтік педогог Умирзаков А.Қ. және топ жетекшілер бірлестігінің жетекшісі Серикказина А.Е. сөз сөйлеп, маңызды ақпараттармен бөлісті. Колледж психологы Мубаракова Д.С. әртүрлі ситуациялық сұрақтар қойып, топ жетекшілері мен шеберлері арасында ой алмасу жұмысын жүргізді. Сонымен қатар дөңгелек үстел соңында қатысушылар бір-біріне жылы лебіздері мен тілектерін білдіріп, өзара қарым-қатынастарын нығайтты. Іс-шара қонақтарына құқық бұзушылықтың алдын-алу тақырыбында зейін ашып, маңызды ақпараттарымен бөліскені үшін колледж директоры атынан арнайы алғыс хаттар табысталды.