2024 жылғы 6 наурызда «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Р.Б.Тортбаева педагогикалық ұжыммен 2024-2025 оқу жылының жаңа аттестаттау ережелері мен шарттарын бекіту туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында педагогтерге аттестаттаудың негізгі талаптары, өтпелі кезеңнің ерекшеліктері және педагогтың жұмысын бағалау критерийлері түсіндірілді. Барлығы 30 педагог қатысты.