2025 жылдың 13 ақпан күні, «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК студенттері Астана қаласының «Элит Строй Комплект» ЖШС компаниясының өкілдерімен кездесті.
Кездесу мақсаты – колледж студенттерін болашақта жұмысқа орналасу және өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндіктерімен таныстыру, сондай-ақ компанияның жетістіктері мен жұмыс істейтін шарттары туралы ақпарат беру.
Кездесу барысында «Элит Строй Комплект» ЖШС компаниясының өкілдері студенттерге өздерінің жетістіктері, жұмыс принциптері және болашақ мамандарға ұсынатын мүмкіндіктері туралы әңгімеледі. Компанияның өкілдері студенттерді қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, оларды тәжірибе алу мүмкіндігімен таныстырды.
Студенттер өздерін алаңдатқан сұрақтарын қойып, компанияның жұмыс процесіне, өндірістік тәжірибе кезеңдеріне қатысты қызығушылықтарын білдірді. Бұл кездесудің студенттер үшін кәсіби дамуға бағытталған үлкен мүмкіндік екені сөзсіз.