14 ақпан 2025 жылы колледжде оқу-өндірістік жұмысының орынбасары Нұрғожанова Арай Серықжанқызы «Дуалдық оқыту» тақырыбында өндірістік оқыту шеберлерімен кеңес өткізді. Кеңес барысында теориялық оқытуды оқу орнында және практикалық даярлықты жұмыс орындарында ұштастыратын дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі мен оны енгізу мәселелері талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша, практикалық сабақтарды тиімді өткізу үшін оқу орнының материалдық-техникалық базасын жақсарту, жаңа оқу құралдары мен жабдықтардың қажеттігі туралы шешім қабылданды.
Бұл кеңес дуалдық оқытудың жоғары білікті мамандар даярлаудағы маңыздылығын көрсетіп, студенттердің кәсіби біліктілігін арттыруда кәсіпорындарда жұмыс істеуге дайын болуын қамтамасыз етеді.