Мемлекет басшысы Касым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялаған болатын.

«Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру, білім алушылардың өндірістік іс-тәжірибедегі шеберліктерін шыңдау мақсатында түрлі компаниялармен серіктестіктер орнатуда. Осындай әлеуметтік серіктестіктеріміздің бірі «GEO ID» ЖШС.

Нефедов Роман Александрович – Геодезия саласында көпжылдық өтілі бар еңбек адамы. «GEO ID» ЖШС-нің «Жерді қашықтықтан зондтау» бөлімінің аэрофототүсірілім жұмыстарымен айналысатын білікті маманы.