19.03.2025 жылы Семей қаласының Alikhan Bokeikhan University базасында Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған колледждер мен университеттердің білім алушылары арасында «Ғылымның заманауи парадигмалары: өткен тәжірибе және болашаққа бағдар» атты XVI Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
«Жаһандану және цифрлық трансформация жағдайындағы жеке құқық» секциясына 1 курс, 12 ТГ тобының студенті Алмасұлы Ислам қатысып ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, ғылыми жетекшісі К.М. Тулеуов. «Қылмыстық саясаттың қазіргі тенденциялары: өткен және болашақ сабақтары» секциясына 1 курс 12 ТГ тобының студенті Муратгалиев Амир қатысты, ғылыми жетекшісі Д.П. Батырханова.