2025 жылдың 3 сәуірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультеті студенттер мен жас ғалымдар арасында «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты Халықаралық ғылыми конференция өткізді. Конференцияға «Геодезия және үлкен деректер: тұрақты дамудың цифрлық шешімдері» бағыты бойынша арнайы пәндер оқытушылары Ж.Ж. Тұрғазы мен И.Т. Төлеубек қатысып, І және II орындарды иеленді. Бұл олардың Геодезия саласындағы ғылыми және педагогикалық жетістіктерінің жоғары деңгейін көрсетеді. Құттықтаймыз!