2025 жылдың 3 сәуірінде WorldSkills стандарттары бойынша «JASSKILLS ABAI 2025» атты алғашқы аймақтық чемпионаты өтті.
Чемпионатқа қала оқушылары қатысып, онда олар «Слесарь ісі» және «Дәнекерлеу технологиялары» құзыреттіліктері бойынша өз шеберліктерін көрсетті. Бұл конкурс оқушыларға өздерінің кәсіби дағдыларын көрсетуге, білімдерін жетілдіруге және бәсекеге қабілетті мансапқа дайындалуға тамаша мүмкіндік болды.
Чемпионат барысында қатысушылар өздерінің техникалық шеберліктерін көрсетіп, тәжірибелі сарапшылар мен мамандардың алдында жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Оқушылар үшін бұл шара оқуда ғана емес, болашақ мамандыққа дайындықта да маңызды кезең болды.
«Дәнекерлеу технологиялары» құзыреттілігі бойынша жеңімпаздар:
• 1 орын – Нурбеков Тамирлан Канатулы (№35 мектеп)
• 2 орын – Турдыгулов Жигер Мейрамулы (№19 мектеп)
• 3 орын – Аккулов Дидар Нурланулы (№19 мектеп)
• Сертификат – Марат Арнур Биржанулы (№35 мектеп)
«Слесарь ісі» құзыреттілігі бойынша жеңімпаздар:
• 1 орын – Тураускас Дарий (№7 мектеп)
• 2 орын – Ковылин Иван (№28 мектеп)
• 3 орын – Еркинбеков Аршын (№25 мектеп)
• Сертификат – Степанов Андрей (№12 мектеп)
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз! Сіздердің жетістіктеріңіз болашақта үлкен кәсіби табыстарға жеткізетініне сенімдіміз! Оқушыларға өз мақсаттарына жету жолында сәттілік пен табандылық тілейміз!