2019 жылдың ағымдағы айы бойы «Құрылыс колледжі» КМҚК жас оқытушылары түрлі сайыстарға қатысып жоғары нәтижелер көрсетуде.

Атап айтатын болсақ: Экономика пәнінің оқытушысы Омарова Назерке Манарбекқызының жетекшілігімен «Құрылыс колледжі» КМҚК студенті Пархоменко Агата Владимировна «Дарабоз» оқу орталығының ұйымдастырылуымен 4-15 қараша күндері аралығында өткен Республикалық «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» конкурсына қатысып Бас жүлдені иеленді.

Физика пәнінің оқытушысы Мадиева Ләззат Ризабекқызы физика пәнінің мұғалімдері мен оқушыларына арналған Республикалық байқауға белсене қатысқаны үшін «НұрScience» ғылыми-әдістемелік жоғары мектебі   І-дәрежелі Дипломмен марапаттады.

Физика пәнінің оқытушысы Такенова Инкар Толегеновна физика пәнінің мұғалімдері мен оқушыларына арналған Республикалық байқауға белсене қатысқаны үшін «НұрScience» ғылыми-әдістемелік жоғары мектебі ІІІ-дәрежелі Дипломмен марапаттады.