2019 жылғы қараша айының 25 – 29 аралығында «Құрылыс-жол» пәндер бірлестігі апталығы өтуде.
«Құрылыс-жол» пәндер бірлестігі оқытушылары 25 және 28 қарашасы аралығында студенттердің өздік жұмыстары мен курстық жоба көрмесін ұйымдастырды. Ашық сабақтар, тәрбие сағаттар, сыныптан тыс сағаттарын өткізіп білім алмасып біліктіліктерін көрсетуде.
Жекелей тоқталатын болсақ: 25 қараша күні студенттердің өздік жұмыстары мен курстық жоба көрмесін ұйымдастырды (КЗиС, ТиОСП, Құрылыс конструкциялау пәндері бойынша), сонымен қатар «Материалтану» пәнінен жас оқытушы Қызыров Д.Б. «Құрылыс материалдарының механикалық қасиеті» тақырыбында ашық сабақ өткізді. 26 қараша күні арнайы пән оқытушысы Қойшыбаев Е.А. «Арнайы технология» пәнінен 22 ПГС тобында «Технология монтажа листовых и плитных материалов» тақырыбында ашық сабақ өткізді сонымен қатар арнайы пән оқытушысы Актоктинов М.М. «Устроиство эксплуатации и ТО» пәнінен М-31 топ оқушыларымен «Техническое обслуживание аккумуляторных батареи» деген тақырыпта ашық сабақ өткізді. 27 қараша күні арнайы пән оқытушысы Дутбаева А.Ж. «Құрылыс өндірісінің технологиясы және оны ұйымдастыру» пәнінен 31 ПГС топ оқушыларымен «Тас қалау жұмыстарының көлемін есептеу» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сонымен қатар экономика пәні оқытушысы Омарова Н.М колледж студенттерімен «Милион кімге бұйырады» атты сыныптан тыс іс-шара өткізді.