2025 жылғы 29 қыркүйекте оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары Нургожанова А.С. өндірістік оқыту шеберлерімен «Өндірістік тәжірибені ұйымдастыру: мақсаттары, міндеттері, нәтижелері» тақырыбында жиналыс өткізді.
Жиналыста өндірістік тәжірибені ұйымдастырудың негізгі мәселелері, оның мақсаттары мен міндеттері талқыланды. Тәжірибенің нәтижелері студенттердің кәсіби даярлығының маңызды кезеңдерінің бірі екені атап өтілді. Сондай-ақ өндірістік тәжірибе – оқу жоспарының міндетті бөлігі ғана емес, болашақ мамандардың кәсіби қалыптасуындағы маңызды қадам екені ерекше айтылды.
Өндірістік оқыту шеберлері тәжірибе алмасып, тәжірибеге бағдарланған оқу үдерісін құру жоғары нәтижелерге қол жеткізуге және студенттердің тұрақты кәсіби дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.