Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі мен «Тат-Арка» ЖШС арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Бұл құжатқа қол қою арқылы екі тарап кәсіби білім мен өндірістік тәжірибені ұштастыру, студенттерді нақты жобаларға тарту және оқу процесін заманауи талаптарға сай ұйымдастыру бағытында бірлесе жұмыс істеуге келісті.
Ынтымақтастық аясында:
– студенттер кәсіби тәжірибеден өтеді;
– нақты құрылыс және жобалау саласындағы өндірістік процестермен танысады;
– заманауи құрылыс технологиялары мен құрал-жабдықтармен жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
Бұл келісім – жас мамандарды еңбек нарығына барынша бейімдеп, тәжірибеге бағытталған сапалы білім берудің нақты қадамы.