2023 жылы сәуір айының 28-і күні «№10 ЖОББМ» КММ-сінде «Қазақстандағы ғылым қызметкерлерінің күні» мерекесіне орай «Ғылымның құпиясы – тұңғиық» тақырыбында іс-шара өтті. Іс-шарада Құрылыс колледжінің шеберлері мамандықтарға байланысты көрме ұйымдастырып, кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді. Көрмеден кейін ұйымдастырылған концерттік бағдарламада оқушылардың өнерін тамашалап, мектеп әкімшілігі атынан ұсынылған алғыс хаттарға ие болды.