2023 жылы сәуір айының 24-28 аралығында Құрылыс колледжінің кәсіби бағдар беру маманы Үржар ауданы білім бөлімінің «Ақтанберді атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ және «Алтынсарин атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ-нің 9-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді. Оқушыларға колледжде оқытылатын мамандықтар туралы толық ақпарат айтылып, оқуға қабылдау ережесі түсіндірілді.