2023 жылы мамыр айының 2-5 аралығында Құрылыс колледжінің кәсіби бағдар беру маманы Ақсуат ауданы білім бөлімінің «К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі» КММ, «М. Әуезов атындағы Көкжыра орта мектебі» КММ, «Сасан би атындағы орта мектебі» КММ, «Тоғас батыр атындағы орта мектебі» КММ, «Ы. Кабеков атындағы орта мектебі» КММ-нің 9-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді. Оқушыларға колледжде оқытылатын мамандықтар туралы толық ақпарат айтылып, оқуға қабылдау ережесі түсіндірілді.