2023 жылы мамыр айының 2-5 аралығында Құрылыс колледжінің кәсіби бағдар беру маманы Үржар ауданы білім бөлімінің «Қаратұма орта мектебі» КММ, «Б. Тұрлыханов атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ, «Жансүгіров атындағы орта мектебі» КММ, «Абай атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ, «Абылай хан атындағы орта мектебі» КММ, «Б. Момышұлы атындағы орта мектебі» КММ, «Мектеп жанындағы интернаты бар Мешітбай Хасенов атындағы Бестерек орта мектеп-бақшасы» КММ-нің 9-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді. Оқушыларға колледжде оқытылатын мамандықтар туралы толық ақпарат айтылып, оқуға қабылдау ережесі түсіндірілді.