2024 жылы қаңтар айының 25-і күні Құрылыс колледжінің қызметкерлері болашақ талапкерлерді мамандықты дұрыс таңдауға бағыттау мақсатында «№44 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ талапкерлеріне кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді. Іс-шара барысында 9 сынып оқушыларына колледжде оқытылатын мамандықтар туралы бейнебаяндар көрсетіліп, толық ақпарат айтылды. Колледж шебері құрылыс әрлеу жұмыстары бойынша шеберлік сабағын көрсетті.