2025 жылдың 4 мамыр күні Шакәрім университетінде INNOVATE SHAKARIM UNIVERSITY атты инновациялық форум және көрме өтті. Көрмеге кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша көптеген колледждер атсалысты. Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінің оқытушылары сол көрмеде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Бұл іс-шараға мектеп оқушылары қатысты. Шара барысында оқушыларға колледж мамандықтары таныстырылып, геодезиялық құралдармен жұмыс істеудің қыр-сыры көрсетілді. Практикалық бөлім оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Осындай көрме – жастардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесетін маңызды қадам!