2025 жылғы 28 наурызда «Жұмысшы мамандықтар жылы – 2025» аясында «Менің болашақ мамандығым саласындағы инновациялық жобалар» тақырыбында республикалық студенттік онлайн-конференция өтті. Іс-шараны Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжі мен Ақтөбе индустриялық технологиялар колледжі бірлесіп ұйымдастырды.
Конференция қорытындысы бойынша, 41 ПГС тобының студенттері Буржанов Әзімхан (жетекшісі – Кошкимбаева С.С.) және Бактов Дархан (жетекшісі – Алемжанова А.М.) сертификаттармен марапатталды.