2025 жылғы 25 сәуірде Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медициналық колледж базасында Абай облысы колледж студенттері арасында үштілділік бойынша «Тіл шебері – 2025» атты облыстық байқау өтті.
Аталған байқауға Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінің студенттері – Макурсунов Бектас, Жанарбек Ерсұлтан және Касымов Дамир қатысып, Абай облысы Білім басқармасының сертификаттарымен марапатталды. Байқауға қатысу студенттерге үш тілді меңгеру деңгейін, сыни ойлау қабілетін және Абай мұрасына деген таным-түсінігін көрсетуге мүмкіндік берді.