2025 жылғы 30 сәуірде колледж студенттері Абай облысы колледждері арасында өткен «Техникалық механиканың негіздері» атты облыстық олимпиадада тамаша нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Командалық есеп қорытындысы бойынша колледж студенттері – Ардаққызы Дана, Ахметқалиев Ералы және Буржанов Әзімхан III дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі – Дутбаева Аяжан Жексенбаевна. Бұл лайықты марапат – олардың табандылығының, команда болып жұмыс істеуінің және кәсіби дайындығының нәтижесі. Жеке есеп бойынша Буржанов Әзімхан II дәрежелі дипломмен марапатталды! Колледж директоры Тулеуов К.М. техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды. Бұл – бірлескен жұмыстың, сапалы білімнің және командалық рухтың нәтижесі! Құттықтаймыз! Сіздермен мақтанамыз! Алға – жаңа белестерге!