«Құрылыс колледжі» КМҚК құжаттарды қабылдау 25 маусымнан басталып, 25 тамызға дейін жалғасады.
Талапкерлер колледжге құжаттарды екі тәсілмен тапсыра алады: электрондық үкімет порталы арқылы Egov.kz немесе vko.abiturient.kz. Болашақ талапкерлер төрт мамандық пен төрт колледжге дейін таңдай алады. Қабылдау рәсімі жаңа ережелерге сәйкес жүзеге асырылады. Биылғы жылы қабылдау емтихандары тоқтатылды.
Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік тапсырыс «Деньги – за студентом» қағидаты бойынша бөлінетін болады. Яғни, егер бұрын мемлекеттік тапсырыс орындары білім басқармасының колледждері арасында бөлінген болса, енді мемлекеттік тапсырыс талапкерлердің таңдауы бойынша колледждер арасында орналастырылатын болады. Конкурс аттестат бойынша: міндетті және бейінді пәндердің орташа балы есептелінеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram