2025 жылдың 6 ақпанында жалпы білім беретін пәндер апталығының аясында математика пәнінің оқытушысы А.Б. Байгулакова 15 ТГ тобында «Стереометрия аксиомалары және олардың салдарлары. Кеңістіктегі түзулердің өзара орналасуы» тақырыбында колледжішілік ашық оқу сабағын өткізді.
Сабақтың мақсаты: стереометрия аксиомаларымен, олардың салдарымен танысу, кеңістіктегі параллель және айқас түзулер анықтамаларын білу, оларды анықтау және кескіндеу, кеңістіктегі параллель түзулердің қасиеттерін білу және оларды есептер шығаруда қолдану.
Сабақтың барлық кезеңдерінде білім алушылардың тақырыпқа танымдық қызығушылығын жандандыру тәсілдері қолданылды. Білім алушылардың жас ерекшеліктері, жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, өзара әрекеттесудің әртүрлі формалары қолданылды. «Басқатырғыш», «Дәлелде», «Нейро жаттығу», «Тарсия», «Ми» интербелсенді оқыту әдістері мен «GeoGebra», «Wordwall» бағдарламаларын қолдану арқылы жүргізілген ашық сабақ жоғары әдістемелік деңгейде өтті.