2018 жылдың ақпан айының 1 жұлдызында Семей қаласының әкімімен бекітілген қала тұрғындары арасындақысқы спорт түрлері бойынша президенттік тест сынақтарын тапсыру кестесіне сәйкес КМҚК «Құрылыс колледжінде» студенттер спартакиадасы аясында шаңғы спорт түрінен президенттік тест тапсырды. Президенттік тестті тапсыруға барлық колледж топтары белсене қатысты.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілері күшті, төзімділікті, жылдамдық пен ептілікті көрсететін дене шынықтыру жаттығуларының түрлерін қамтитын және жеке адамдардың жасына байланысты деңгейлерден тұратын балалардың, жастардың және ересек тұрғындардың дене шынықтыру даярлығына қойылатын нормативтік талаптардың жиынтығы.
Президенттік нормаларды орындау әркімнің қолынан келе бермесі анық. Дегенмен бұл тапсырмаларды да үздік тапсырғандар бар. Атап айтар болсақ:
- Болатбеков Нурбек, С-21 тобы — 23.00 мин.сек.
- Жоғалбаев Ерасыл, С-21 тобы — 23.00. мин.сек.
- Сагимбаев Улан, 32 ПГС тобы — 24 мин.сек.
- Тоқанов Адлет, С-21 тобы — 23 мин.сек.
- Игенбаева Макпал, 32 ПГС тобы — 17 мин.сек.
- Қазез Булан, С-21 тобы — 23 мин.сек.
Дене-тәрбиесі пәнінің оқытушысы Жумаканов С.С.