2018-2019 оқу жылының қараша айының 10 күні «Құрылыс колледжі» КМҚК колледжішілік жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыстың мақсаты: ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі салауатты ұрпақ тәрбиелеу.
Жиналысты колледж директоры Қ.Қ. Тастекеев мырза жүргізіп, ата аналарды колледж әкімшілігімен жəне колледждің ішкі-сыртқы тəртібі жөніндегі Жарғымен таныстырды.
Өндірістік іс тәжірибе жөнінің директордың орынбасары А.С. Нургожанова іс-тәжірибеден өткен студенттердің болашақта сол мекемелерде маман болып қалатындары туралы баяндады. Жиналысты директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.М. Игенбаева оқу процесі туралы жан-жақты мағлұматтар берді.
Директордың оқу-тəрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Хуанар колледждің тəрбие жұмысын, өткізілген іс-шаралар туралы баяндама жасады. Жатақхана меңгерушісі Г.К. Сейлгазина жатақхананың күн тəртібі, ережесі тақырыбында баяндама оқыса, кәсіптік лицей бөлімінің меңгерушісі Н.С. Окасов бөлімдер мен оқу топтары туралы мәліметтер мен ақпарат беріп студенттердің жетістіктері туралы баяндады. Колледж медбикесі Г.С. Байтанауова студенттердің денсаулығы туралы ақпарат берді. Ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Алдағы уақытта ата-аналармен тығыз байланыста болып, өскелен ұрпаққа жақсы тәлім-тәрбие беруге бірдей атсалысамыз деген оймен жиналысты аяқтадық.