«TALAP» КЕАҚ ұйымдастыруымен өтіп жатқан біліктілік арттыру курсының 5-інші күні кәсіби серпінге, шынайы эмоцияға, шығармашылыққа толы ерекше күн болды. Бұл күн — 2-інші модульдің қорытынды кезеңі, сонымен қатар 1-інші және 2-нші модульдер бойынша алынған білім мен тәжірибені саралау күні болды. Бір апта бойы тыңдаушылар нормативтік-құқықтық құжаттарды функционалдық талдаудан бастап, тәжірибеге бағытталған тәсілдер, оқу нәтижелерін бағалау, өздік жұмысты ұйымдастыру мен жасанды интеллектті қолдануға дейінгі ауқымды тақырыптармен танысты. Әр тақырып бойынша берілген теория мен практикалық тапсырмалар оқытушылардың кәсіби құзыреттерін тереңдетіп, тәжірибесін байытты. Курстың тренері — Нургожанова Арай Серыкжановна. Күн соңында смайликтер арқылы рефлексия жүргізіліп, көңіл-күйі шынайы әрі ашық түрде бейнеленді. Ал 3-інші топ тыңдаушыларының ерекше алғысы — жүрекше мен би арқылы жеткізілген шынайы рахмет — курстың ең жарқын сәттерінің бірі болды. Курс жалғасуда! Алда — құрылыс саласындағы автоматтандырылған жобалау технологиялары: BIM, AutoCAD, ArchiCAD тақырыптары. Бір апта — бір үлкен жетістік. Алда — жаңа биіктер!