Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.Ә. Сағынтаевтың төрағалығымен өткен 2018 жылғы 27 қыркүйектегі Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия отырысы хаттамасының 2-тармағына сәйкес «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерінің жобасын» түсіндіру, практикалық тұрғыда меңгерілуінің нақтылай түсу мақсатында 2018 жылдың 14 қарашасы күні КМҚК «Құрылыс колледжінде» сағат 11.00-де Республикалық жалпыхалықтық диктантқа колледж директоры К.К. Тастекеев бастаған ұжымымен барлығы 253 адам қатысты. Соның ішінде колледж оқытушылары – 37 және 15 жасқа толған 216 студент қатысты.
Диктант өткізбес бұрын колледждің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушылары А.Т. Бозаева мен Ж.М. Қалиасқарова аталмыш жылдың 06 қараша күні Семей қаласының тілдерді оқыту орталығының ұйымдастырылуымен өткен жиында латын әліпбиінің емле ережесі жобасы бойынша мәлімет алып, колледж оқытушылары мен студенттеріне алдын ала түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның коммуникацияның, сондай-ақ ХХІ ғасырдағы ғылым және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты», — деген болатын. Сондықтан да бүгінгі жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудегі Елбасының осы ұстанымын жүзеге асыруға дайынбыз!