9-мамыр күні 102 ТГ тобының студенттері топ жетекшісі К.К. Шалованың жетекшілігімен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Клавдия Николаевна Кошелеваны құттықтады. Оның өмірлік оқиғасы жастардың жүрегінде терең із қалдырды:
– Бүгін мен Ленинград қоршауын бастан өткерген ардагер әжеймен кездестім. Оның әңгімесі бәрімізге қатты әсер етті – аштық пен суықта қалай аман қалғанын, бір-біріне қалай көмектескенін айтып берді. Бұл – нағыз ерлік пен төзімділіктің тірі сабағы болды. Оның әңгімесін өз аузынан естігеніме мақтанамын. (Макеев Богдан)
– Ленинград қоршауынан аман қалған кейуанамен кездесуден алған әсерім ұзақ уақыт есімде сақталады. Ол сұм соғыс күндері жайлы айтқанда – суық, аштық, үрей мен күнделікті бомбалау туралы – көзімізге еріксіз жас келді. Бәрін бастан өткерсе де, оның бойынан ерекше күш пен мейірімділік байқалды. Мен оның ерлігіне, өмірге деген табандылығына таңғаламын. Осы кездесуден кейін мен бейбітшіліктің, аға буынды құрметтеудің және ауыр кезеңдерде жеңіске жеткен жандардың ерлігін ұмытпау қаншалықты маңызды екенін шын жүрегіммен түсіндім. (Ниязхаджиев Имран)
– Ленинград қоршауын бастан өткерген ардагер әжейдің әңгімесі жанымызға қатты батты. Ол бізге өз өмір жолын, соғыс кезіндегі зұлматтарды баяндап берді. Тірі қалған, майданда шейіт болған немесе бұл күнге жете алмаған батырларға алғыс ретінде біз тек бейбіт аспан үшін алғыс айтып, өткенге үңіліп, фашистік идеология мен Ленинград трагедиясының қайталанбауына барымызды салуымыз қажет. (Абикеев Дидар)
– Ленинградтықтардың ерлігі жүрегімізде мәңгі сақталады. Олардың батырлығына бас иеміз. Ардагерлерге алғысымыз шексіз, қаһармандарға – мәңгілік даңқ! (Костенко Илья)